РЕСПУБЛИКАНСКАЯ АССОЦИАЦИЯ ГОРНОДОБЫВАЮЩИХ И ГОРНО-МЕТАЛЛУРГИЧЕСКИХ ПРЕДПРИЯТИЙ

Жаңалықтар

23.09.2016

Көмір сатудағы артық буынды алып тастау керек, - деп санайды сала өкілдері

23 қыркүйекте «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Тау-кен және металлургия өнеркәсібінің отырысы болып өтті.

Кездесу барысында Комитет төрағасы Николай Радостовец көмірдің ірі партиясын міндетті түрде биржа арқылы сатудың қазіргі схемасын сынға алды.

— Әлемде еш жерде көмірді міндетті түрде биржа арқылы сату шарасы жоқ. Көміршілер жердің терең қабатына түсіп өзі өндірген көмірді неліктен делдалдар мен брокерлердің қайта сатуы үшін беруге тиіс? Дамыған келдердің көпшілігінде биржа ерікті алаң болып табылады. Егер онда сату тиімді болса көміршілер оған көмір сатуға өздері келер еді. Бірақ, 3 мың тоннадан астам көмірді партиялап биржада сату неге Қазақстанда ғана бар? Біз қазір көміршілердің табысын көтеру, көмір бағасын азайту мәселесіне назар аударуға тиіспіз. Сондықтан, бірінші кезекте делдалдықты алып тастау керек. Біз Ұлттық экономика министрлігінің алдына: биржаның ерікті негізде жұмыс істеуін, ешкім де көміршіні биржаға тықсырмауы тиіс деген мәселені қоямыз. 

Радостовец - тұтынушылар, егер көмір еркін сатылса, оны төмен бағамен алуға болады – деп санайды.

ТМКҚ директоры балама энергия көздері мәселесін де көтерді.

«Егер біз бағаны төмендеткіміз келсе, бұл жасыл технологияларға да қатысты болуға тиіс. Қазір Үкіметтің күн батареясының 1 кВт/с үшін 71 теңге тұрады деген шешімі бар. Бұл 10 есе қымбат болса біз көміршіге не айтамыз? Мұны сән үшін істеп отырмыз ба? Егер жаңартылатын энергия көздеріне баға төмендемейтін болса бизнес қалай жұмыс істемек? Бізге бұл мәселе бойынша ымыраға келуіміз керек, — деп санайды спикер.

Комитеттің отырысында көмір өндіру кәсіпорындары жұмыс орындарын сақтау және өндірістк көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында үнемі ұлғайып отырған шығындарға орай көмір бағасын қымбаттатуға мәжбүр. Баға бұрынғы қалпында қала алмайды, өйткені импорттық тау-кен көлігі жабдығын  шетел валютасымен сатып алуға және оған қызмет көрсетуге шығындар өсіп отыр, дизель отынына баға да өсіп кетті. 

— «Бәсекелестік саясатын дамыту және қорғау орталығы» АҚ Президенті Алдаш Айтжановтың айтуынша көмір саласындағы бағаның өсуін тұтынушылар мен монополияға қарсы органдар күйзеліспен қабылдайды – Осы жылы көмір сату саласында бірнеше монополияға қарсы тексерулер жүргізілді, олар көмір компанияларының бағаны келісіп көтеріп отыр және олар монополиялық жоғары баға белгілеп отыр деп дау айтады.

Айтжановтың сөзіне қарағанда бұл саладаға заңнама әлі жетілмеген және сол бір ғана норманы әртүрлі түсінуге болады. Нәтижесінде компаниялар монополияға қарсы заңнаманы бұзды деп айыпталып, миллиондаған айыппұл төлеп жатады. 

—  Қазір Мәжілісте үстем жағдайды пайдаланып әрекет еткені үшін жауапкершілкті қатайту ұсынылатын заң жобасы жатыр. Өкінішке орай, депутаттар бұл заң жобасындағы нормаларды нақтылауды қолдаған жоқ және мұны заңға тәуелді акті арқылы жасауды ұсынады, — деп хабарлады бәсекелестікті дамыту жөніндегі сарапшы.

Іс жүзінде, орталық президентінің түсіндіруінше, бағаның кез келген жоғарлауы монополияға қарсы органдардың тексеруді бастауына негіз болып табылатын жағдайлар кездеседі. Осыған байланысты субъектілер үстем жағдайларды асыра пайдаланды, бағаны көтеру кезінде бәсекелестікке қарсы келісімдерге келді немесе келісілген әрекеттерге барды деген күдік бойынша монополияға қарсы органдар тарапынан тексеруге ұшырамауы үшін көмір бағасын инфляция деңгейінде көтеру мүмкіндігін заңнамалық деңгейде бекіту ұсынылады. 

ҰКП басқарушы директоры Евгений Больгерт тау-кен металлургия өнеркәсібіндегі импорт алмастыру тақырыбына қатысты сөз сөйледі. Бұл мәселемен арнайы құрылған жұмыс тобы айналысады.

«Қазір экономикалық тұрғыдан импорт алмастыруға ауыстыру орынды болатын позицияларды айындау бойынша талдамалық кезең жүріп жатыр. Бұл мәселеде бізге Ресей тәжірибесінің маңызы зор. РФ-да әр сала бойынша 19 салалық жоспар әзірленіп, қабылданған, онда нақты өлшемдер және қандай да бір тауар позициясы бойынша импорт үлесін төмендету қажет мерзімдер белгіленген. Біз де шамамен осындай алгоритмді ұсынамыз. Қазір салалар бойынша ішкі нарықта әлеуеті бар позициялар айқындалуда. Неліктен бүгінде кей тауар позицияларын біздің мемлекеттік органдарымыз бен ұлттық компанияларымыз сатып алмайтын позициялар да анықталуда», — деп атап көрсетті Больгерт.

ҰКП өкілінің есебінше, бүгінде Қазақстанда мемлекет негізінен экспортқа бағдарланған компанияларды қолдайды, олар үшін шаралар кешені әзірленген. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жобалардың импорт алмастыру критерийлері де мемлекеттік қолдау кезінде назарға алынуын ұсынады. 

Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салуды қарау кезінде  өте көптеген мәселелер туындайды. Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығының атқарушы директорының орынбасары Максим Кононов қатысушыларды өндіруші кәсіпорындардың салық жүктемесін жеңілдету бойынша ұсыныстармен таныстырды.

«ТМКҚ рентабелділігі төмен кен орындары үшін ПҚӨС бойынша төмендетуші коэффициенттерді ұсынуға арналған тікелей қолданылатын норманы көздеуді ұсынады. Бүгінде ПҚӨС бойынша жеңілдіктер Үкіметтің шешімімен қабылданады және іс жүзінде өтінімді қарау рәсімі ұзақ уақытты талап етеді. Осыған байланысты жеңілдіктерді беруге арналған рентабелділік шегін арттыру да ұсынылады. Өйткені қолданыстағы тәртіп бойынша рентабелділігі 0 пайыздан жоғары кез келген кен орны рентабелді деп танылады», — деді ол.

Айтқандай, бүгінгі күн тәртібіндегі ең пікірталас тудыратын мәселелердің бірі ПҚӨС-ті сатудан роялтиге ауыстыру болып табылады. ТМКҚ сарапшыларының пікірі бойынша бұл екі салық бір бірінен қағидатты түрлде ерекшеленеді, өйткені пайдалы қазбаларлы өндіру салығы жағдайында ПҚӨС байланысты болатын қорларды есептеудің мемлекеттік жүйесінің болуы туралы әңгіме қозғалып отыр. Ал оның баламасы ретіндегі роялти мейлінше нарықтық және экономикалық жағынан негізделген алым, өйткені ол сату көлеміне қара алынады.

ТМКҚ тереңдігі 500 м астам терең орналасқан пайдалы қазбалар үшін төмендету коэффициентін көздеуді де ұсынады, оларды игеру мейлінше көп инвестицияны талап етеді және мұндай ынталандыру ұсынылмаса кен орны көбіне рентабелді болмайды.  

Сондай-ақ қатты пайдалы қазбаларды өндіретін жер қойнауын пайдалнушылар үшін пайдадан тыс салық салуды алып тастау мәселесі белсенді талқылануда. Факті бойынша қолайсыз баға конъюнктурасын ескере отырып, оны көмір өндірумен айналысатын бірнеше кәсіпорындар ғана төлейді. 

«Қазіргі кезде ҰЭМ алаңында барлау мен өндіру келісімшарттары арасындағы «салық шекараларының» ара жігін ажырату мәселесі де талқылануда. Бұл ұсынысты іске асыру  геологиялық барлауға қаржы тартуға айтарлықтай ықпал етер еді», — деп хабарлады сарапшы.

Келесі маңызды мәселе – жал төлемдерін енгізу тәртібі, олар Жер қойнауы туралы кодекстің тұжырымдамасына сәйкес жазылу бонусын, тарихи шығндарды өтеу төлемін, коммерциялық табу бонусын алмастыруға тиіс.

Бұл ретте Жаңа салық кодексіндегі және келешектегі Жер қойнауы туралы кодекстегі өзгерістердің қолданыстағы келісімшарттарға қатысты болуы проблемасы шешілмей қалып отыр. ТМКҚ жұмыс істеп тұрған жер қойнауын пайдаланушылар  жаңа режимге ауысу немесе ескіше, яғни қолданыстағы салық режимі бойынша жұмыс жасау арасында таңдау жасай алуы тиіс деп санайды, өйткені  кез келген жағдайда жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнаманы реформалау бойынша ұсыныстарды іске асыру салық салу жүйесіне ықпал етіп, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың салық жүктемесінің өсуіне әкелуі мүмкін. 


Яндекс.Метрика