РЕСПУБЛИКАНСКАЯ АССОЦИАЦИЯ ГОРНОДОБЫВАЮЩИХ И ГОРНО-МЕТАЛЛУРГИЧЕСКИХ ПРЕДПРИЯТИЙ

Жаңалықтар

25.08.2016

ТМК кәсіпорындары «Интергаз» көліктік тарифтерді екі есе арттыруға ғана төзеді

ТМК кәсіпорындарды  газды тасымалдау бойынша  қызметтерге  «Интергаз Орталық Азия»  АҚ тарифтерінің шекті деңгейлерін  екі  есеге ғана арттыра алады. Бұл туралы  23 тамызда  2016–2021 жылдарға газкөліктік компанияның тарифтік өтінімі бойынша  Табиғи монополиялар мен  бәсекелестікті қорғау комитетінде  (КРЕМЗК) қоғамдық тыңдауда  Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындар қауымдастығының басшысы мәлімдеме Николай Радостовец жасады.        

«Біз тау-кен металлургия кешенінде тұтынушылар ретінде қабылдай алатын  тарифтерді пысықтадық, себебі  жағдай өте күрделі.  Газдың бағасында тасымалдаудың үлес салмағы  маңызды  болмаса да,  бірақ  ол бар  мәселе, бірқатар  компаниялар үшін арттыру өте қиын болмақ.  Осыған байланысты  бізде  бес жылға арттырудың қолайлы мөлшері екі есеге арттырған жөн деп санаймыз.   Мұндай тарифқа есептейміз, мұндай тариф түсінікті,  онымен алға жылжуға болады», — деді  салалық бизнес қауымдастығының  директоры.

Қоғамдық тыңдауда айтылғандай,  бүгінгі күні  компанияның магистралды құбырлары арқылы  тауар газын  тасымалдау бойынша қазіргі қолданыстағы тариф   1000 м3 үшін 1 380 теңгені,  тауар газын сақтау  бойынша тариф  — 1000 м3 үшін 199,94 теңгені құрайды.  Қарашадан  бастап  магистральды  оператор  газды тасымалдау тарифін  шамамен   төрт есеге көбейткісі келеді.  Негізгі  2016 жыл үшін  ол  мың кубометрге   5 549 теңгеге дейін, 2017 жыл үшін  5 992 теңгеге дейін, 2018 жылға  5 462 теңгеге дейін, 2019 жылға   5 200 теңгеге, 2020 жылға  5 710 теңгеге, 2021 жылға  5 675 теңгеге өседі.  «Бозой», «Полторацкое», «Акыртобе»  жаңартылатын  қоймаларда  тарифтер  бекітілген жағдайда орта есеппен  863 теңгеге дейін артады.  Өнеркәсіп пен  тұтынушылар үшін газдың соңғы бағасына  мұндай көбейту   келесі жылдың маусымының соңында,   бейіндік ведомство газға өткізу бағасын  бекіткен кезде әсер ете алады,  «Интергаз» өкілдері нақтылағандай, ол кезде  көбейту айырмашылығы  15%-дан аспауы тиіс. 

Жалпы алғанда,  тарифтердің өсуі  инфрақұрылымды жаңғырту мен  кеңейту қажеттілігіне, сондай-ақ  Ресейге түркімен мен өзбек  газы транзитінің  төмендеуіне    байланысты.       КРЕМЗК веб-сайттың мәліметтері  бойынша монополияға  қарсы агенттік пен  энергетика министрлігі   2016–2021  жылдарға  арналған «Интергаз» инвестициялық бағдарлама реттелетін қызметтерге  –   магистралды  құбырлар бойынша  тауар газын  тасымалдау   мен 59 679 096 мың теңге және  26 077 149 мың теңге сомасына  тиісінше   бекітті.   Газ көліктік   компанияның инвестициялық бағдарламасы  көліктік бағытқа   154 миллиард теңге,  сақтау бойынша қуат көзіне   46,7 млрд теңге құйылады.  

Бұрын  қоғамдық тыңдауда  «Интергаз Орталық Азия»  тарифтік   өтінімі бойынша  сәуірде  компания  тасымалдауға  тарифтерді 11 есеге, орта есеппен     15428,4 теңгеге арттыруды ұсынды,  бұл Ақтөбе және Қостанай облысында тау-кен металлургия кәсіпорындары үшін  соңғы бағасында газдың өте қымбаттауына әкелер еді.  Қорытындысында  салалық қауымдастық пен  кәсіпорындар  нашар дайындалған өтінім негізінде  күрт арттыруға қарсы шыққан болатын.    

«Интергаз Орталық Азия»  тарифтік өтініміне түсініктеме бере отырып, Николай Радостовец ішкі тұтынушы  республика аумағы арқылы газды транзитінің төмендеуі аясында ИОА барлық инвестициялық қажеттіліктерін жаба алмайды, – деп атап көрсетті. Бірақ жалпы алғанда,  сала өкілдерінің пікірінше,  газ көліктік монополисттің инвестициялық ой-тілегіндегі ілгерілеушілік  айқын. 

«Бұл шынында басқа өтінім,  себебі  біз сәуірде  11 есеге арттыру  көзделген өтінімді қараған болатынбыз. Біз ол кезде  мұндай  тәсілге таң қалған едік.  Осы айлары  болған өзгерістерге  қарағанда,  КРЕМЗК инвестициялық бағдарламаны пысықтағаны   және компанияның  шекті тарифті бекіту бойынша ұсынысқа  басқаша қарағаны  көрініп тұр», — деді ол.

Пікірталастың соңында  Табиғи монополиялар мен  бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының орынбасары   Азамат Майтиев  «Интергаз Орталық Азия» АҚ тауар газын тасымалдау мен сақтау  бойынша қызметтер тарифтерін бекіту бойынша шешім  26 қыркүйекте  қабылданады деп хабарлады.  

Яндекс.Метрика