| ТМКҚ-ның сарапшылық қызметі |
|
 |
Қауымдастық қызметінің басым бағыты жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сараптау болып табылады.
«Жеке кәсіпкерлік туралы» және «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында көзделген рәсімдер шеңберінде ТМКҚ республикалық деңгейдегі атқарушы билік органдарының жанындағы сараптама кеңесінің құрамына кіреді, онда ол Қауымдастық мүшелерінің шоғырланған ұсынымын білдіреді.
Бұдан өзге, ТМКҚ салалық сарапшы болып табылады, осының негізінде Қауымдастық тұрақты негізде ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жанындағы салалық сараптама комиссиясының құрамына кіреді.
Сонымен қатар, мемлекеттік билік органдарында саланың жалғыз өкілі ретінде ТМКҚ барынша маңызды басым бағыттар, атап айтқанда, бәсекелестікті дамыту, биржалық сауданы дамыту, салық заңнамасы мен трансферттік баға белгілеу, табиғи монополия саласы мәселелері, еңбек қатынастары мен әлеуметтік әріптестік т.б. бойынша министрліктер мен ведомстволарда құрылған негізгі жұмыс топтарының құрамына кіреді.
Сарапшылық қызметтен басқа атқарушы билік органдары шеңберінде ТМКҚ Қазақстан Республикасы Парламентінің жұмыс топтары шеңберінде заң жобаларын талқылауға қатысады.
Аккредиттеу туралы куәлік
|
|