| Басшылық |
|
 |
РАДОСТОВЕЦ НИКОЛАЙ ВЛАДИМИРОВИЧ
Қызметі, жұмыс орны: «Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің Атқарушы директоры, «Қазақстан тауар өндірушілері және экспорттаушылар одағы» Республикалық заңды тұлғалар бірлестігінің Президенті
Білімі: Алматы халық шаруашылығы институтын 1976 жылғы 24 шілдеде үздік, КСРО ҒА докторантурасы, Мәскеу, 1989-1990 жж. бітірген, 1991, 1994,1998 жж. - Австрия, Венгрия, Польша, Түркия, АҚШ, Англияда оқыды.
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы - Экономика ғылымдарының докторы, профессор
Жалпы жұмыс өтілі: 1976 жылдан бастап.
Жұмыс өтілі:
коммерциялық емес салада – 5 жыл
мемлекеттік салада - 10 жыл
ғылыми қызмет және қоғамдық қызмет - 15 жыл
Радостовец Николай Владимирович Қазақстан Республикасының белсенді қоғам қызметкері болып табылады. Оны бастамасы бойынша және тікелей қатысуымен Қазақстан Республикасының заңнамасында монополияға қарсы жаңа бағыт құрылды және қазіргі кезде ТМД-ға қатысушы елдердің арасында ол барынша ілгерінді болып табылады.
Н.В.Радостовец басқарған Монополияға қарсы комитет ТМД-да алғаш рет тұрғын үй реформасын ойдағыдай өткізіп, 80-нен астам салалық холдингті қайта монополиялады және осы арқылы Қазақстанда кәсіпкерлікті дамыту үшін бәсекелестік орта құруды қамтамасыз етті.
Н.В.Радостовец ТМД елдерінің ішінде бірінші болып әлеуметтік серіктестік туралы Заңның қабылдануына бастама білдірді. Бұл Үкімет, жұмыс берушілер бірлестігі мен кәсіподақтар арасында сындарлы әлеуметтік диалогтың қалыптасуына ықпал етті.
Н.В.Радостовец Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамындағы жемісті жұмысы, өтпелі кезеңнің қиын жағдайында экономикалық реформаларды жүргізуге, мемлекетті нығайтуға, қоғамдағы тұрақтылықты және ұлтаралық келісімді сақтауға белсенді жәрдемдескені үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысын алды.
Н.В.Радостовец ҚР Президентінің жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі болып табылады, 2007 жылы экономика мен әлеуметтік саланы дамытуға сіңірген еңбегі үшін, мемлекеттік органдардағы үлгілі қызметі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін «Құрмет» орденімен марапатталды.
МҰҚАНОВ ТӨЛЕГЕН МҰҚАНҰЛЫ
Қызметі, жұмыс орны: «Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директорының орынбасары, «Қазақстан тауар өндірушілері және экспорттаушылар одағы» Республикалық заңды тұлғалар бірлестігінің вице-президенті
Білімі: жоғары – Г.Плеханов атындағы Ленинград тау-кен институты, 1970 жыл
ЭМРМ, ИСМ құрмет грамоталарымен, Индустрия және сауда министрлігі мен ТМК кәсіподағының ұсынымымен «3-ші дәрежелі Шахтер даңқы», «1-ші және 2-ші дәрежелі Кенші даңқы» кеуде белгілерімен, ҚР кәсіподақтар Федерациясының «Сіңірген еңбегі үшін» кеуде белгісімен марапатталған
Жалпы жұмыс өтілі: 1970 жылдан бастап -39 жыл
Жұмыс өтілі: өндірісте – 15 жыл
мемлекеттік қызметте – 19 жыл
коммерциялық емес салада – 5 жыл
1970 – 1976 жылдар - Лениногорск шахтақұрылысы басқармасы, Лениногорск полиметалл комбинаты (шахта өткіншісі, тау-кен шебері, ӨТБ аға инженері);
1976-1979 жылдар – Қазақ КСР Түсті металлургия министрлігі (аға инженер, жетекші инженер);
1979-1984 жылдар – МХР шетелдік іссапар, «МонголСовцветмет» бірлестігі (учаске бастығы, кен басқармасы бас инженерінің орынбасары, бас инженері);
1984-1986 жылдар - Қазақ КСР Түсті металлургия министрлігі (жетекші маман);
1986-1993 жылдар – «Қазсаудатүстімет» республикалық бірлестігі (бөлім бастығы, бас директордың орынбасары);
1993 – 1997 жылдар – «Темір» акционерлік қоғамы, «Бамт» өндірістік коммерциялық фирмасы (бас директор, директор);
1997 - 2004 жылдары Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және сауда министрлігі, Экономика және сауда министрлігі, Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі, Индустрия және сауда министрлігі (негізгі салалар басқармасының бас маманы, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы);
2006 жылғы 26 маусымнан бастап қазіргі кезге дейін - «Қазақстан Тауар өндірушілері мен экспорттаушылар одағы» Республикалық заңды тұлғалар бірлестігінің (ҚТЭО) вице-президенті;
2005 жылғы мамырдан бастап қазіргі кезге дейін - «Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директорының орынбасары.
ШАШКОВА НАДЕЖДА КОНСТАНТИНОВНА
Қызметі, жұмыс орны: ТМКҚ атқарушы директорының орынбасары және ҚТЭО вице-президенті.
Білімі: жоғары – Қазақ Мемлекеттік университеті, журналистика факультеті, 1984 жыл.
«Оракл» біліктілікті арттыру компаниясының курстары – Мәскеу, 1997 жыл.
«Мобил» біліктілікті арттыру компаниясының курстары – Жаңа Орлеан, 1998 жыл.
Практика: «Казахстанская правда газетінің тілшісі, экономика бөлімінің редакторы, «Экспресс К» газеті бас редакторының орынбасары, «Известия» және «Комсомольская правда» газеттерінің Астанадағы тілшілер пунктінің басшысы.
Президент бағдарымен жұмыс жасау, Мемлекет басшысының алыс шетелдер мен Қазақстан өңірлері бойынша ресми және жұмыс сапарларын көрсету.ТМД, ЕурАзЭҚ, ШЫҰ, БЭК саммиттерін, қаржы және банк қызметі, мұнай мен газ бойынша халықаралық конференцияларды жариялау.
Үкімет қызметін көрсету, экономикалық блок министрлерімен сұхбат дайындау, Үкіметтің әртүрлі мемлекеттік бағдарламаларды дайындау жөніндегі жұмыс топтарының көшпелі отырыстарына қатысу, Парламенттің жұмыс топтарында заң жобаларын талқылауға қатысу, Туризм және спорт министрлігінің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Сараптама кеңестеріне қатысу.
Өнеркәсіп салалары мен агросектордың жұмысы бойынша талдамалық материалдарды дайындау, «Казахстанская правда», «Экспресс К» және «Известия» газеттерінде тақырыптық айдарлар жүргізу.
Қазақстан Журналистер одағының лауреаты. «Қазақстан тәуелсіздігіне он жыл» медалімен, Мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары министрлігінің бірнеше грамоталарымен марапатталған.
БОЛЬГЕРТ ЕВГЕНИЙ АНДРЕЕВИЧ
Ресей Федерациясы Әділет министрлігінің Мәскеу қаласындағы Ресей Құқықтық Академиясын үздік бітірген, біліктілігі – заңгер, РФ Әділетминінің үздік оқығаны үшін кеуде белгісімен марапатталған.
Technische Universität Dresden (Дрезден қ., Германия) заң факультетінің Еуропа құқығы кафедрасында оқыды.
Master of business administration (MBA) дәрежесі бар, Moscow Business School, Мәскеу қ.
Неміс тілін еркін біледі..
2008 жылдан бастап ТМКҚ және ҚТЭО әртүрлі қызметтерде істеп келеді.
2010 жылдан бері ҚТЭО вице-президенті,
2011 жылғы 1 наурыздан бастап ТМКҚ атқарушы директорының орынбасары қызметіне тағайындалған.
Қауымдастықты дамыту, халықаралық ынтымақтастық, стратегиялық жоспарлау, талдамалық бағыттар т.б. мәселелеріне жетекшілік етеді.
|
|