КАЗ     РУС     ENG

 
   
 
 


Қазақстанның ТМК туралы

 


Тау-кен металлургия саласы – Қазақстан өнеркәсібінің барынша бәсекеге қабілетті және серпінді дамып келе жатқан секторларының бірі. Онда негізгі кәсіптер бойынша шамамен 164,5 мың адам жұмыс істейді. Өңдеуші өнеркәсіп көлемінің 35 пайыздан астамы металлургияның үлесіне тиесілі. Қазақстанда хром кендерінің әлемдік қорының 30%-ы, маргенец кенінің 25%-ы, темір кенінің 10%-ы шоғырланған. Мыстың, қорғасынның және мырыштың қоры тиісінше 10 және 13%-ын құрайды. Қазіргі кезде Қазақстан титан өндіру бойынша әлемде үшінші орынды; мырыш бойынша – жетінші; қорғасын бойынша – сегізінші; темір кені бойынша – он үшінші; мыс бойынша – он бесінші; болат бойынша – 35-ші орынды иемденеді. Қазақстан Республикасының жалпы геологиялық қорлары мен көмірдің болжамды ресурстары 150 млрд. тонна деп бағаланады.

Қазақстанның минералдық-шикізат базасының сипаттамасы



Тау-кен өндіруші өнеркәсіптің негізгі түрлерінің өңірлер бойынша құрылымы



Бүгінде Қазақстанның тау-кен металлургия кешені шикізат пен бастапқы металдардың экспортына бағдарланған. Алдағы жылдары саланы дамытудың негізгі міндеті металлургия өнеркәсібінде жаңа өңдеуші өндірістерді кезең-кезеңмен құру, жоғарғы технологиялық өнім өндірісінің өсімі мен оның сыртқы нарықтардағы экспортын ұлғайтуды, әрі ішкі нарық тұтынушыларын қанағаттандыруды қамтамасыз ететін жоғары қосылған құны бар өнімді шығару болуы тиіс.

Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ТМК саласында 12 мыңнан астам жұмыс орнын құруға әлеуеті бар инновациялық кәсіпорындарды салудың 30-ға таяу жобасы іске асырылуда. 2013 жылға қарай Қазақстандағы ТМК нарығы $ 31,5 млрд. болып бағаланып отыр, бұл 2009 жылы $ 18,5 млрд. болған еді.

Тау-кен өндіруші өнеркәсібінің негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі (млрд. теңгемен)


Жұмыс істеп тұрған өндірістерді ұлғайту және жаңа объектілерді іске қосу арқасында 2010 жылы темір кендері өндірісі көлемін 8%-ға, мыс кендерін – 3%-ға, хром кендерін – 8%-ға, алюминийді – 7%-ға, қорғасынды – 27%-ға, ферроқорытпаларды – 18%-ға өсіруге қол жеткізілді (2009 жылғы көлеммен салыстырғанда). 2010 жылы металлургия өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі $10 млрд. астам болды.

Қазақстанда шетелдік инвесторлар үшін барынша тартымды жағдайлар жасалған, ол инвестициялық жобаларды жүзеге асыру кезінде салық преференциялары мен ынталандыру шараларын көздейді.

Қазақстанның бұл бағыттағы ілгерілеушіліктері халықаралық бағалау құжаттарында да көрініс тауып отыр. мәселен соңғы жылдар ішінде Республика Дүниежүзілік банктің бизнесті жүргізу рейтингі (Doing business) бойынша 15 позицияға жоғары көтерілді (74-ші орыннан 59 орынға), ал ағымдағы жылдың сәуірінде Moody's халықаралық рейтингі агенттігі Қазақстанды егеменді рейтингі жөніндегі болжамын «тұрақты» деңгейіне дейін көтерді.

Алдағы бірнеше жылдарда Қазақстанда Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы іске асатын болады. Атап айтқанда тек тау-кен өндіру саласында 2010-2014 жылдар кезеңінде 40-тан астам ірі жобалар іске аспақ.

Қазақстанның аса ірі ТМК кәсіпорындарына мыналар жатады:


ENRC - өндіруші, қайта өңдеуші, энергетикалық және логистикалық кәсіпорындармен біріктірілген, минералдық ресурстарды өндіру және қайта өңдеу саласындағы әлемдегі ірі топтардың бірі болып табылады.

Қазақмыс – қызметі кен орындарынан бастап тауар металы өндірісіне дейінгі барлық кезеңдерді қамтитын толық ықпалдасқан компания. Компанияның негізгі қызметі мыс өндіру және сату болып табылады. Мыс өндіру бөлімшелері мырыш, күміс және алтын сияқты жанама өнімдер ретінде басқа металдардың да ауқымды көлемін өндіруді жүзеге асырады.


Қазмырыш – мыс, қымбат бағалы металдар мен қорғасын сияқты жанама өнімдер шығаратын ықпалдасқан ірі өндіруші.


«АрселорМиттал Теміртау» АҚ – Қазақстан Республикасының тау-кен металлургия секторының аса ірі кәсіпорны, ол өз көмірі, темір кені мен энергетикалық базасы бар ықпалдасқан тау-кен-металлургия кешенін білдіреді.


Қазатомөнеркәсібі – уран мен оның қосындыларын, сирек металдарды, атом энергетика станцияларына арналған ядролық отынды, арнайы жабдықтарды, қосарлы мақсаттағы технологиялар мен материалдарды экспорттайтын Қазақстанның ұлттық операторы.

Сондай-ақ «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ, «Темір электрлік-металлургия комбинаты» ЖШС, «Тараз металлургия комбинаты» ЖШС де республиканың ірі кәсіпорындарына жатады.