Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының қауымдастығы (ТМКҚ) аса ірі салалық бірлестік болып табылады, оның құрамына қара және түсті металлургия, уран және көмір өнеркәсібінің 70-тен астам компаниялары кіреді.
ТМКҚ 2005 жылы салалық министрліктің қолдауымен Қазақстан Республикасының тау-кен металлургия кешені компанияларының бастамасы бойынша құрылды. Бүгінде ТМКҚ Қазақстан Ұлттық Экономикалық Палатасында тау-кен металлургия саласының мүддесін білдіреді.
ТМКҚ 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының тау-кен металлургия саласын дамыту жөніндегі бағдарламаның тең әзірлеушісі болып табылады, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жанындағы салалық сараптама комиссиясының құрамына кіреді. Қауымдастық «Қазақстан Республикасы кәсіпорындарын жаңғыртудың жүйелік шараларын әзірлеу» шеңберінде белсенді жұмыс жүргізуде.
Біздің миссиямыз
Біз Қауымдастық құрамына кіретін компаниялардың құқықтары мен заңды мүдделерін мемлекеттік билік органдары мен бизнес қоғамдастығы арасындағы ашық және сындарлы диалог арқылы қорғауды өз миссиямыз деп білеміз.
ТМКҚ әлеуметтік-жауапты бизнес қағидаттары негізінде Қазақстанның тау-кен металлургия кешеніндегі жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін күш-жігерін біріктіруге ұмтылады.